Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қылмысқа қылбұрау

Қылмысқа қылбұрау
ашық дереккөз
Қылмысқа қылбұрау

Алтын алқа ұрлаған күдікті ұсталды

Тараз қалалық полиция бөлімшесінің Жедел басқару орталығына 4 маусым күні сағат кешкі 18:15 шамасында 32 жастағы қала тұрғынынан орталық көшелердің бірінде белгісіз тұлғаның мойнынан алтын бұйымын жұлып алып кеткендігі туралы хабар келіп түседі. Жедел түрде қала көшелерінде орналасқан бейнебақылау камераларын қарай отырып, патрульдік полиция батальоны қызметкерлері ізін суытпай 42 жастағы қала тұрғынын ұстайды. Алтын алқа тәркіленіп, күдікті өз кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабымен (Тонау) тергеу амалдары жүргізілуде.

Түзеу мекемесіне телефон кіргізбек болған

Ерекше режимдегі облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінің қоршауынан тыйым салынған затты лақтырып, ізін суытпақ болған азамат мекеменің жедел бөлім қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қолға түсті. Ұсталған С. есімді азамат мекеме аумағына жапсырмамен қапталған 2 дана бөтелке лақтырғаны белгілі болды. Күдіктінің заңсыз «сәлемдемесінен» 4 дана сенсорлы телефон, 2 дана бастырмалы телефон, 5 дана «Алтел» ұялы байланыс SIM-картасы, 2 дана USB шнур, 1 дана қуаттағыш, 4 дана құлаққап пен 1 микро флэшка тәркіленді. Аталған дерек бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Мас күйде көлік жүргізетіндер саны азаяр емес

Полиция қызметкер-лерінің жеке көлікпен тасымалдаушылар жасаған бұзушылық-тарды анықтау және алдын алу бойынша жүргізген жұмыстарына қарамастан, жүргізушілер жолаушылардың өміріне қауіп төндіре отырып, жол ережелерін бұзуды жалғастырып келеді. 30 мамыр күні полиция қызметкерлері «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық автожолында аумақты патрульдеу кезінде тәуліктің әртүрлі уақытында сағатына 166 және 138 шақырым жылдамдықпен келе жатқан автокөліктерді байқаған. Әр көліктің салонында жолаушылар және кәмелетке толмаған бала да болған. Тексеру барысында автокөліктердің бірінде газ баллонды жабдықты заңсыз орнату дерегі, сондай-ақ алдыңғы терезелерін қараңғылау түріндегі құқықбұзушылықтың болуы анықталды. Көлікте балалар отыратын құрылғы да болмаған. Жүргізушілерге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 592-бабы 2 және 3-бөлігі (Көлік құралының белгіленген жүру жылдамдығын арттыру) бойынша, сондай-ақ ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 7-бөлігі, 590-бабының 10-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және 593-бабының 1-бөлігі (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Есірткі сатқан әйел

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар