
АҚТАҢДАҚТАР АҚИҚАТЫН ҰҒЫНУ – БҮГІНГІ ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ
Кеше саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жамбылдық зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың белсенділері мен қала тұрғындары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Еске алу шарасына облыс әкімі Нұржан Нұржігітов арнайы қатысып, тағзым етті.
Тараз қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі осы зұлмат заманда жапа шеккен жандардың құрметіне қойылған ескерткіштің маңында өтті. Рәсімге қатысушылар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Президентіміздің тапсырмасына сәйкес ашаршылық тақырыбын кеңінен зерттеу ісі де қолға алынған.
Зұлмат жылдардың құрбандарын әрқашан есте сақтап, рухына тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Келесі мақала
Мойынқұмның мұзбалағы
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Көк кит» фильмі: прокуратура қолдауымен түсірілген туынды прокатқа шықты
- авторAR-AY
- 16 қыркүйек, 2025
Жаңалықтар
Енді картаңызды басқа адамға берсеңіз, 7 жылға дейін сотталуыңыз мүмкін
- авторAR-AY
- 16 қыркүйек, 2025