Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Білім сапасы – басты назарда

Білім сапасы – басты назарда
ашық дереккөз
Білім сапасы – басты назарда
Облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, профилактикалық бақылау, білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру, білім туралы құжаттарды апостильдеу, жоспардан тыс тексерулер жүргізу бойынша жүйелі жұмыстар атқаруда. Мәселен, аталмыш департамент тарапынан биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларында облыстағы 32 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына (колледждер), 16 балабақшаға және 55 мектепке мемлекеттік аттестаттау жүргізілген. Аттестаттау нәтижесі бойынша 5 колледж, 5 балабақша және 3 мектеп алғашқы аттестаттаудан өткен. 27 колледж және 35 мектепке департамент тарапынан әдістемелік көмек беріліп, кемшіліктер жойылған. Бүгінде кестеге сәйкес балабақшаларға мемлекеттік аттестаттау жүргізілуде. Департамент басшысы Дәмеш Ускумбаеваның айтуынша, жыл басынан бері «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы 116 өтініш түскен. – Департамент тарапынан 3 мемлекет­тік, 3 жекеменшік мектепке бас лицензия берілді, 18 мектеп және 15 колледждің лицензиясы қайта рәсімделіп, 6 мектепке лицензияға қосымша берілді. 71 білім беру ұйымына лицензиялау талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты дәлелді бас тартылды. Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою қызметі бойынша 81 құжат орындалып, мемлекеттік корпорацияға жолданды, 15 құжат түпнұсқасының болмауы, құжаттың расталмауы және қызмет көрсету салығының төленбеуі себебінен кері қайтарылды, – деді Дәмеш Шайхықызы. Қазіргі таңда облыста 40 жекеменшік мектеп білім беру қызметімен айналысуда. Оның ең көбі Тараз қаласы (16) мен Қордай ауданында (18). Жамбыл және Меркі аудандарында екі-екіден жекеменшік бар болса, мұндай нысандар Байзақ және Шу аудандарында да ашылған. Сонымен қатар департамент және облыс әкімдігі білім басқармасының бірлескен жұмысының нәтижесінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында өңірде 13 мектептің құрылысы жүргізіледі. Бүгінде аталмыш мектептердің құрылыс жұмыстары басталып та кетіпті. 2023 жылы облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің педагогикалық әдеп және педагогтың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші органымен 4 отырыс өткізілген. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау нормаларын бұзған 3 білім беру ұйымының басшыларының іс-әрекетін қарап, нақты шешім қабылдау бойынша білім басқармасына ұсыныстар берілген. Сонымен қатар білім беру ұйымдарымен Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының және Білім және ғылым министрінің «Педагог құқықтарының бұзылуына жол бермеу туралы» бұйрығының талаптарын қатаң сақтау бойынша тиісті жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, педагогтарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген лауазымдық нұсқаулықтарында көзделмеген жұмыс түрлеріне тартуға, педагогтар жүргізуге міндетті құжаттар тізбесінде көзделмеген есептілікті немесе ақпаратты талап етуге, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделмеген тексерулер жүргізуге және тауарлар (заттар, бұйымдар) мен әртүрлі қызмет түрлерін сатып алу бойынша міндетті жүктеуге жол берілмейді. Айта кетейік, ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңы 2019 жылдың 27 желтоқсаны күні қабылданды. Департамент тарапынан аталған заңнама талаптарын сақтамағаны үшін 2020 жылы 10, 2021 жылы 12, 2022 жылы 7 әкімшілік іс қозғалса, биылғы жылдың осы кезеңіне дейін ешқандай өтініш түспеген.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар