Жаңалықтар
ТЖМ бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізіледі
- author AR-AY
- 13 маусым, 2023
- 174
ТЖМ бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізіледі
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәжіліс кулуарында құқық қорғау органдары бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізетінін айтты, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, журналистер ІІМ басшысынан Ильинге қатысты жеке іс немесе тексеру жүргізу туралы сұрады.
"Президент Бас прокурорға тапсырма берді, оның аясында тексеру жүргізіледі. Өрт дерегінің өзі төтенше жағдай, адамдар қаза болды, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру болады. Неге дер кезінде шара қолданбады, мүмкін немқұрайлық, қызметтік міндеттерін орындамау", - деді Ахметжанов.Өрттің ықтимал себептеріне тоқталған ішкі істер министрі бүгінде әртүрлі нұсқалар зерттеліп жатқанын атап өтті.
"Өрт қою, абайсыздық, найзағай түсу деген нұсқа бар. Сараптама және іздестіру шаралары жүргізіледі. Тергеуге екі ай уақыт берілді", - деп түсіндірді ІІМ басшысы.
Келесі мақала