Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚҰРАН САЙЫСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ҚҰРАН САЙЫСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
ашық дереккөз
ҚҰРАН САЙЫСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Тараз қаласындағы облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде Құран оқудан жарыс өтті. Облыстың әр ауданынан келген 22 үміткер Құран Кәрімнің 1 парасын және Құранның 5 парасын жатқа оқу аталымдары бойынша сынға түсті.  Сайысқа облыстың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев қари (қазылар алқасының төрағасы), «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұстазы Бірлік Аманкелді қари, республикалық және халықаралық Құран жарыстарының жүлдегері, «Һибатулла Тарази» мешітінің жанындағы қарилар дайындау курсының ұстазы Иманәлі Мырзагелді қари және «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұрат төрелік етті. Құранның 5 парасын жатқа оқу номинациясы бойынша облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің тәлімгері, Талас ауданының түлегі Рамазан Әбдіқадір 1-орынға ие болды. Жамбыл ауданынан келген Абдулкарим Каримов 2-орынға лайық деп танылса, байзақтық Құрманбек Әбдолла 3-орыннан көрінді. Құранның бір парасын жатқа оқу номинациясы бойынша қордайлық Абдульрауф Дауров жеңімпаз атанса, Жамбыл ауданынан келген Маруф Ризамухамедов 2-орынға және Тараз қаласының атынан шыққан Рахымжан Жәпек 3-орынға ие болды. Барлық қатысушыға ақшалай сыйлық пен Алғыс хаттар табысталды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар