Цифрлық Қазақстан
Ең арзан мобильді интернет Қазақстанда – Бағдат Мусин
- author AR-AY
- 8 маусым, 2023
- 199
Ең арзан мобильді интернет Қазақстанда – Бағдат Мусин
Астана халықаралық форумында экономиканың цифрлық трансформациясы туралы баяндама жасаған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мобильді интернетпен қамту мәселесіне тоқталды.
Министрдің айтуынша, 2025 жылға дейін Қазақстанның үлкен қалаларында 5G интернетін қосу жоспарланған.
Біздің мобильді интернет – әлемдегі ең арзан интернет санатында. Біздің стратегияық мақсатымыз – барлық қалаларды жоғары жылдамдықтағы интернетпен қаматамсыз ету. Сонымен қатар 2025 жылға дейін 5G интернетпен қамту. Бұрын-соңды болмаған мемлекеттік қолдау, - деді министр.Министрдің айтуынша, қазір министрлік Қытай мен Әзербайжан арқылы балама интернетті іске асырып жатыр. «Батыс-Шығыс» ұлттық гипермагистралінің құрылысы Қытай тасымалының Қазақстан аумағы арқылы және суасты кабелі арқылы Әзербайжанға, одан әрі Еуропаға шығуын және транзиттік тасымалдауды сақтау үшін III деңгейден төмен емес деректерді өңдеу орталығын құруды көздейді. Айта кетелік, бүгін елордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Астана халықаралық форумы өтіп жатыр. Форумның басты тақырыбы: «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында» Форумға мемлекеттер мен үкіметтердің, халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың басшылары, саяси қайраткерлер мен сарапшы топтарының өкілдері қатысып жатыр.