Депутаттар «Масс-медиа туралы» заң жобасын қарауға кірісті
Мәжіліс депутаттары «Масс-медиа туралы» заң жобасын қолға алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Депутат Асхат Аймағамбетов заң жобасы Үкіметтің заң жобалау жоспарына сәйкес әзірленгенін атап өтті.
«Масс-медиа туралы» заң жобасы осы саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Ілеспе заң жобасында 3 кодекс пен 12 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Әлеуметтік-мәдени даму комитеті осы жобаларды жұмысқа алуға дайын, - деді ол.Мәжіліс депутаттары дауыс бәру нәтижесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен «Масс-медиа туралы» заң жобасын қолға алды.
Келесі мақала
БАЛАҢЫЗҒА ДЕПОЗИТ АШТЫҢЫЗ БА?
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Қазақстанның екі үлкен қаласында бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды.
- авторAR-AY
- 20 қараша, 2024