Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ПАРА АЛУ ДЕРЕГІН ХАБАРЛАҒАНҒА ҚАРЖЫЛАЙ СЫЙЛЫҚ БЕРІЛЕДІСЫЙЛЫҚ БЕРІЛЕДІ

ПАРА АЛУ ДЕРЕГІН ХАБАРЛАҒАНҒА ҚАРЖЫЛАЙ СЫЙЛЫҚ БЕРІЛЕДІСЫЙЛЫҚ БЕРІЛЕДІ
ашық дереккөз
ПАРА АЛУ ДЕРЕГІН ХАБАРЛАҒАНҒА ҚАРЖЫЛАЙ СЫЙЛЫҚ БЕРІЛЕДІСЫЙЛЫҚ БЕРІЛЕДІ
Сыбайлас жемқорлық елдің өркениетке бастаған қадамына үлкен кедергі болатыны талайдан бері айтылудай-ақ айтылып келеді. Бірақ қоғам бұл індеттен арыла алмай-ақ қойды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қанша жерден қарқынды жүргізіліп жатса да адамды орайын тауып опындырып кететін жат әдеттің тыйылмауына бұған қарсы іс-қимыл жүргізетін құзырлы органдардың қылмыстық істі құрықтаудағы фактілері дәлел. Мысалы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстағы департаменті бұл бағытта талай қылмыстың бетін ашқаны белгілі. Бұл мекеменің кешенді сыртқы талдау нәтижесінде ортақ қазынаның қаржысын үнемдеуге ықпал етіп отырғанын да айта кетуіміз керек. Кез келген кемшілікті болдырмаудың тиімді жолы – түзетуден гөрі алдын алу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстағы департаменті кешенді сыртқы талдау жұмыстарының нәтижесінде облыстық көліктік бақылау инспекциясына 21 ұсыныс енгізіпті. Себебі бұл органның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі тиісті деңгейде жүзеге асырылмаған. – Облыстық көліктік бақылау инспекциясының 12 қызметкеріне қатысты мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда осы тектес сыртқы талдау жұмыстары «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметіне жүргізілуде. Жыл басынан бері 6 мәрте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Жемқорлық тәуекелдері, әлеуметтік маңызы зор балалар спорты мен шығармашылығын жан басына нормативтік қаржыландыру саласында және жол салу бағыты, миграция қызметі, мемлекеттік сатып алу істерінде де орын алған. Балалар спорты мен шығармашылығын жан басына нормативтік қаржыландыру саласына жүргізілген мониторинг нормативтік-құқықтық актілерінің реттелмегенін көрсетті. Тапсырыс алуға құжат жинақтау барысында кәсіпкерлер тарапынан жалған құжаттар ұсынғандары, негізгі қызмет түрі спорт немесе шығармашылыққа мүлдем қатысы жоқ кәсіпкерлікпен айналысу деректері анықталды. Мысалы, шаруа қожалығы, сауда, мейрамхана бизнесі сияқты. Олар бойынша операторлар тарапынан мониторинг (тексеру) жүргізе алмайтындығын атап өту қажет, – дейді аталған департаменттің превенция басқармасының басшысы Дәурен Омаров. Ағымдағы жылы облыс бойынша мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты іске асыру үшін 500 миллион теңге қаражат бөлініпті. Алайда бақылаудың және нормативтік-құқықтық актідегі шектеулердің жоқтығының салдарынан бүгінгі күні келіп түскен өтінімдер саны неғұрлым ұлғайып, тиісінше 3,3 миллиард теңге қаражаттың бөліну керек екені анықталған көрінеді. – Департамент күнделікті «Сатып алудың бірыңғай терезесі» арқылы мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізіп отырады. Мониторингпен жолданған ұсыныстар негізінде мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу жоспарлары қайта қаралып, 237 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Облыстағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау деңгейіне келетін болсақ, мемлекеттік ұйымдардың басшылары әлі күнге дейін бұл бағыттағы жұмыстарды қадағаламай келеді. Әкімшілік құқық бұзулар бойынша есептік кезенде 12 хаттама толтырылып 4,1 миллион теңгеден аса айыппұл салынған. Нормативтік-құқықтық актілердегі тәуекелдерді жою мақсатында оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамадан өткізу инструменті іске қосылған болатын. Департамент тарапынан жергілікті атқарушы органның 3 айда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге ұсынған 46 нормативтік-құқықтық актілеріне мониторинг жүргізілгенде, оның 93,5 пайызы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің факторлары мен ескертулер екені белгілі болды. Сонымен қатар анықталған кемшіліктер саны 71-ді құрады, өз кезегінде бұл қабылданған нормативтік-құқықтық актілерден 1,5 есеге асып тұр. Осылайша жергілікті атқарушы орган тарапынан нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және оның жобасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға жолдау барысындағы жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауының салдарынан бюджет қаражатын ысырап ету деректері кездесуде. Бұл бойынша облыс әкімі аппаратына ұсыныс енгізілді. Жергілікті атқарушы органдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша үйлестіруші ретінде, әртүрлі мақсатты топтар арасында жалпы саны 75 іс-шара ұйымдастырылып, оған 2600-ден астам адам қамтылды. Өткізілетін іс-шараларға құрметті мемлекеттік қызметшілер қатарынан құрылған спикерлер пулы мен жастар арасында парасаттылық мәдениетін ілгерілету мақсатында облыстық жас көшбасшылар спикерлер пулының мүшелері тұрақты түрде қатысуда, – дейді ол. Аталмыш департамент қоғам өкілдерімен қоян-қолтық жұмыс жасап, мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы есептерін тындау мақсатында Қоғамдық кеңес жанынан арнайы комиссия құруды жоспарлап отыр. Жаңа бастама қоғамды құлдырауға апаратын індеттің жолын кесуге себепкер болар деген үміттеміз. Бұлай деуіміздің себебі, бұған едйін де қаншама жемқорлықпен күрес жұмыстары жүргізілгенімен жыл басынан бері облысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның кез келген көріністерінен азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында 118 қылмыстық іс тергеліпті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтағы департаменті басшысының орынбасары Камал Қабылбековтің айтуынша, бірінші тоқсанда айыптау актісімен 15 тұлғаға қатысты 11 қылмыстық іс аяқталған. Осы негіздермен 22 қылмыстық іс тоқтатылған. Қылмыстық істер шеңберінде анықталған залал сомасы 389 миллион теңгені құрапты. Сонымен қатар 19,5 миллион теңгеге тыйым салынған. – Оларды қарау нәтижесінде 5 лауазымды тұлға түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ең бастысы сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары бұзылуына жол берілген жоқ. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлаған 2 адамның өтініші қаралып, комиссия шешімімен оларға 367 мың теңгеге ақшалай марапат берілді. Яғни жемқорлыққа тап болған кез келген азамат агенттіктің call-орталығына, яғни 1424 байланыс телефонына хабарласуына болады, – дейді Камал Қожахметұлы. Қоғамды індеттен тазарту әрбіріміздің үлесімізбен іске асары анық. Егер қандай да бір жемқорлық қылмысқа кездессеңіз, арнайы агенттікке хабар берсеңіз, қаржылай марапатқа ие боласыз. Бұл да адалдыққа ынталандыру арқылы жемқорлықтың жолын кесудің бір тәсілі, оң нәтижесін дейік.

Қамар ҚАРАСАЕВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар