Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

КІТАП ОҚУДЫҢ 7 ПАЙДАСЫ

КІТАП ОҚУДЫҢ 7 ПАЙДАСЫ
ашық дереккөз
КІТАП ОҚУДЫҢ 7 ПАЙДАСЫ

"Кітап - ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына" деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Осы сынды кітап туралы бірнеше құнды пікірлерді сіз де жақсы білесіз. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технологиялар шығып жатыр. Бірақ бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық. Кітап оқудың төмендегі 7 қағидатын ескеру барлық адамға пайдалы болары хақ.

1. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі.

2. Кітап оқу – жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адамның жады мықты болады, ол тез ойлап, тез қорыта алады.

3. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді.

4. Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі. 

5. Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

6. Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады. 

7. Кітап оқу – адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады.

Абдыханова Ғ.Т. – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ
Алдыңғы мақала
ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ

Ұқсас жаңалықтар