Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ұлы дала зары

Ұлы дала зары
ашық дереккөз
Ұлы дала зары
«1932-1933 жылдары сол кездегі биліктің солақай саясаты салдарынан басты күнкөріс көзі – малдан айырылған қазақ халқы ашаршылықтан бас сауғалап атамекенін тастай, үдере көшті. Сайын дала діттеген жеріне жете алмағандар мәйіттерінің мәңгілік мекеніне айналды».

Тарихтан

Жырлайын мен тарихымды, өткенді, Бабаларым арман еткен көктемді. Қасіретті ашаршылық жылдардан, Іздер қалды бізге өшпес от белгі. Құдайдан сұрап, дұға тілеп аспаннан, Қасірет ол сол жылдардан басталған. Аштан қатып, бақилыққа сәбилер, Анасының құшағында аттанған. Өмір-өлім жолы тұрды парапар, Бұл нәубеттен құтылар кімде шама бар? Табанына тікен кіріп, әл құрып, Көш соңында сұлап жатты аналар. Бар ғұмырын күресуге арнаған, Қанға бөкті жүріп өткен әр қадам. Түп тамырға балта шапқан аяусыз, Қуғын-сүргін, ашаршылық, зар заман. Көш тізбегі тоқтауға еш болмайды, Жүрегіне ананың мұң орнайды. Балалары ит пен құсқа жем болып, Ілесе алмай көштен қалған сол қайғы. Аяушылық болмады билік ойында, Өз мүддесін кірісті биік қоюға. Бар күшпенен жұртқа қарсы күресті, Қазағымның рухын мәңгі жоюға. Атып тастап, асып жатты ерлерін, Өртке орап, қазан-ошақ жерлерін. Сүрінгенде ана менен баланың, Табанымен басып тұрды белдерін. Тарих осы өткен күнде көп белгі, Еске алып, ұмытпайық өткенді. Жайсаңдарды «Жойылсын!», деп аяусыз, Қырып салып, қанын судай төккен-ді. Қазақ деген рухы биік халық бұл, Тарихыңды, келер ұрпақ, танып біл. Кезіндегі батыр, қайсар анадан, Тарап жатыр рухты қыз, алып ұл. Қарсы жүріп, қасіретпен белдесе, Жан тапсырып, жерге сіңді ел неше? Нәубет жылы азап шеккен қазағым, Рухыңа тағзым етем ендеше.

Айжан Сырымбетова, Тараз қаласы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар