Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Кітап – сарқылмас қазына»

«Кітап – сарқылмас қазына»
ашық дереккөз
«Кітап – сарқылмас қазына»
Қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №6 кітапханасының коворкинг орталығында «Жастар кітап әлемінде» жобасы аясында «Оқуға құштар жастар – тәуелсіздік тірегі» тақырыбында оқырман конференциясы өтті. Жастар – біздің еліміздің жарқын болашағының кепілі. Іс-шара оқырмандардың назарын кітап оқуға баулу, руханиятқа бай орта қалыптастыру, оқырмандарды жаңа кітаптармен және жаңа авторлармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. – Кітапхананың жас оқырмандармен жұмыс істеудегі ең маңызды қызметі – көрме қызметі, оның мақсаты мен міндеттері кітапхана қорларының байлығын ашу. Осыған орай кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Кітап – сарқылмас қазына» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге өз бетінше оқуға арналған көркем әдебиеттің шытырман оқиғалар, тарихи, фантастикалық әдебиет жанрында мемлекеттік және орыс тілдерінде кітап жаңалықтары топтастырылған, – дейді кітапхана меңгерушісі А.Бекпатшаева. Конференцияда Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының білімгері Азамат Намелбек, облыстық «Ғұмыр-Дария» газетінің тілшісі Нұрболат Аманбек, «Еркін ойлар алаңы» дебат клубының өкілі Фархат Қаумен қонақ болды. Сондай-ақ М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің журналистика мамандығының және Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің студенттері де қатысты. Жиын барысында кітапхана меңгерушісі Айгерім Бекпатшаева да тақырыпқа қатысты ойын білдіріп, жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар