Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Көп тіл білу – көптілді тұлғаны қалыптастырады

Көп тіл білу – көптілді тұлғаны қалыптастырады
ашық дереккөз
Көп тіл білу – көптілді тұлғаны қалыптастырады
Қазақта «Көп тіл білген көпті ілер» дейді. Болмаса әу бастан жеті жұрттың тілін біл деп бекерге айтпаса керек. Бүгінгінің адамы «Бір тіл білсең, бір адамсың, екі тіл білсең екі адамсың» деп жүр. Қалай десе де, мына заманда көп тілу білу – қажеттілік. Ол дегеніміз рухани байлық. Ол дегеніміз – өзге әлемге ену деген сөз. Біздің кафедрада неміс , қытай, кәріс, түрік, ағылшын сынды тілдер оқытылады. Кафедрада 8  Ph.D докторы және магистрлер қызмет етеді.Шәкірттеріміз - алғыр. Шетінен өзге елдің тілінде сайрап тұр. Бұл ең біріншіден оқытушылардың еңбегі.  Бізді тәмәмдаған студент бүгінде бір бір мекеменің бетке ұстар басшысы немесе шет тілі мұғалімі, екі елді байланыстырған елші немесе аудармашы болып отыр.  Ешкім тумысынан қос тілді болып тумайды. Мектеп жасына келген соң мектепте, сосын жоғары оқу орнында қалаған тілді меңгереді. Осылайша үйрену арқылы бірнеше тілді игеріп полиглот болуға болады. Біздің оқыту орталығында қос тіл меңгеріледі. Шәкірт бірден  түрік және ағылшын тілінің ұстазы немесе қытай және кәріс тілі маманы боп шыға алады. Тіл білген адам яғни өзге елдің тілінде еркін сөйлеген адам білім кеңістігінде еркін самғайды. «Әлем тілдері» кафедрасындағы басты мақсат тілді дамыту аясында жоспарлаған іс-шаралардың міндеттері – студенттеріміздің азаматтық қалыптасуы, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, көптілділікті және көпмәдениетті тұлға қалыптастыру және жастардың шет тілдерін үйренуге деген құштарлығын жоғарылату. Бүгінгі таңда шетел тілін, әсіресе ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың тілін білу деген сөз. Тіпті, ағылшын тілін меңгермейінше, жастарымыздың халықаралық кеңістікке емін-еркін жүріп-тұруы, білім алуы, мәдени-ғылыми тұрғыда ықпалдасуы өте қиынға түседі, себебі қазіргі нарықтық заман талабы солай. «Әлем тілдері» кафедрасының мақсаты мен міндеттері университеттің  даму жоспары негізінде жасалып, іске асып келеді. Оның міндеті еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымының, экономикасының маңызды бағыттарын үздіксіз дамыту мәселелерін шешуге негізделген заманауи жетілген жоғары білімі бар бәсекеге қабілетті мамандардың жиынтығын жасақтау. Кафедраның ғылыми деңгейін арттыру мақсатында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағытына сәйкес бүгінгі күн талабына қажет деп табылатын ҒЗЖ-рының бағыты: әлемдік және республикалық деңгейлердегі ғылыми нәтижелерге қол жеткізіп, оларды қоғам мен экономикаға енгізу мақсатында қолданбалы және фундаментальды зерттеулер жүргізу, ғылым мен білім беру үдерінің байланысын үйлесімді қамтамасыз ету. Сондай-ақ, мектеппен байланыс кафедра тарапынан жақсы жолға қойылған. Бірнеше мектеппен келісімшартта жасалынған. «Әлем тілдері»  кафедрасында ғылыми-зерттеу жұмысының алға қойған басты міндеті – қазіргі шетел тілін үйренудегі өзекті мәселелерді ғылыми-теориялық тұрғыдан талдау, шетел тілін жаңа инновациялық талаптарына сай теориялық, практикалық, әдістемелік негіздерде тұжырымдау және оның нәтижелерін оқу процесінде дұрыс пайдалану болып табылады. «Әлем тілдері» кафедрасы бойынша 2022 жылы Мамандық даярлайтын кафедра ретінде академиялық ұтқырлықтың әлемдік білім беру кеңістігінің талаптарына жауап беретіндей негізгі бағыттарын анықтауды  қарастыра отырып, Шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша Түркиядағы Карабюк, Кастамону университеттерімен, Швебиш Гмюнд педагогикалық институты сынды жоғары оқу орындарымен келісімшарт жасалынған. Fulbright – АҚШ тағы бір бағддарлама.  Осыэ бағдарлама бойынша да оқу ордасы бірлесе жұмыс атқаруда. Басқада мемлекеттерден мәселен Португалия,  АҚШ,  Турция елдерінен қонақ лекторлар келіп,  арнайы дәріс оқиды. Тек стаденттерге ғана емес,  оқытушыларға да арнап семинарлар,  тренингтер, үйірмелер ұйымдастырылады. Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кемі үштілді болуы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруі тиіс. Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық жəне мəдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының шетелдермен халықаралық байланыстары күннен күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін шет тілін жетік меңгерген мамандар қажет. Елбасымыз өзінің халыққа арнаған Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің: мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін жəне əлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген бəсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткенін білеміз. Қазіргі уақытта мұғалімнің жақсы шəкірт тəрбиелеп оқытуына бар жағдай үкімет тарапынан жасалып отыр деп жоғарыда тоқталып өткен болатынмын. Ұстаздың мақсаты — өмірден өз орнын таңдай алатын жəне өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделе алатын, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді жəне көпмəдениетті құзыреттілікті игерген полимəдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Мектептерде көптілді білім беру үшін тілді терең меңгерген мұғалімдер даярлау қажет. Қазіргі уақытта мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту бізде шешімін таппай келе жатқан мəселелердің бірі. Ең алдымен, шəкірттеріміздің патриоттық сезімдерін нығайтуымыз керек. Кем дегенде үш тілді меңгеру — заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі. Қазіргі таңда адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үрдісі орын алғандықтан, білім беру саласында қайта қарастырулар болып жатыр. Сол себептен ақпараттық-коммуникативтік құзырлықпен қатар, полимəдениеттілік бүгінгі уақытта білім беру құзырлығының басты бағыттарының бірі ретінде анықталды. Көптілді білім — көп мəдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту— жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, əлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілеттерін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту заман талабы десек, оның негізгі мақсаты — бірнеше тілді меңгерген, əлеуметтік жəне кəсіптік бағдарға қабілетті, мəдениетті тұлғаны дамыту жəне қалыптастыру. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мəдениетін, толеранттілігін жəне планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Маманға шет тілін меңгеру кез келген шетелдік ортада өзін еркін ұстап, жаңа ақпараттық ғаламшарға бейімделу мүмкіндігіне ие болады. Əр адамның түрлі əлеуметтік қызметтерінде жеткен жетістіктерінің нəтижелері түрлі болады, сол себептен шетел тілін оқытудың мақсаты тек нақты білім іскерліктерін біліп қана қоймай, сондай тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады, оған шет тілі «өмір заңдылықтарында» жəне «нақты жағдаяттарда қарым-қатынас жасай алу үшін» қажет болмақ. Қазіргі кезде студенттерге шет тілдерін оқытудың əр түрлі деңгейлеріне сəйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық жəне компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Шетел тілін оқытуда лингафондық құрал- жабдықтар, аудио-, видеокешені оқушылардың ауызша жəне жазбаша аударудағы білім жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады. Сондай-ақ оқыту процесінде мультимедиабағдарламасының көмегімен, ғаламтордан алынған əлемдік жағдайлар, педагогикалық технологиялардың түрлі əдіс-тəсілдері, коммуникативтік бағыттағы оқыту элементтері кең қолданылады. Тілге байланысты оқу процесінде жүйелі жетілдіру жұмыстары жүргізіліп отырады, атап айтсақ, ашық сабақтар, пікір-сайыстар, семинар, конференциялар, практикалық сабақтар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, өзара сабаққа қатынасып талдау, оқушылардың зерттеу жұмысымен айналысу, сонымен қатар студенттердің жеке ізденіс жұмыстарына басшылық ету.

Эльмира Мунатаева М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті , «Ұстаз» институты «Әлем тілдері» кафедрасының меңгерушісі, Ph.D., Associate Professor

Динара Райымбекова М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті , «Ұстаз» институты «Әлем тілдері» кафедрасының аға оқытушысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар