
ЖЕМҚОРЛЫҚ ПЕН НАШАҚОРЛЫҚ – ҒАСЫР ДЕРТІ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетің Жастар ісі жөніндегі комитеті мен «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің бірлесе ұйымдастыруымен есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүргізу және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Жемқорлық пен нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында TED-x форматында конференция өтті.
Конференцияға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің бас маманы Айбек Ажибаев, «Jastar Ruhy» жастар қанаты облыстық филиалының атқарушы хатшысы Уәлихан Болатбек, облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдар басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Қанат Белгібаев қатысты.
Іс-шара барысында департаменттің бас маманы Айбек Ажибаев жемқорлық фактілерін болдырмау шаралары жайында баяндады. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдар басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткінің адам өміріне орасан зор залал келтіретіндігі туралы кеңінен түсініктеме берді. Уәлихан Болатбек жастарға арналған кәсіпкерлік бағдарламасының алғышарттарының маңыздылығына тоқталды.
Келесі мақала
ТӘУЕКЕЛДЕР КАРТАСЫ СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Байзақ ауданында үш фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді
- авторAR-AY
- 1 шілде, 2025