«Өмірін өнегемен өрнектеген»
Бүгін кітапханада 21 - мамыр «Мәдениет және өнер қызметкерлері» күніне орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мәдениет және өнер» каферасымен бірлесіп, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР Білім саласының үздігі, «Ерен еңбегі» мен «Бірлік алтын» медалінің иегері, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, профессор Кабиева Айгүл Қабиқызына арналған «Өмірін - өнегемен өрнектеген» тақырыбы аясында «Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы» атты шығармашылық бенефис кеші өтті.
Кеш шымылдығын кітапхана директоры ҚР Мәденит саласының үздігі, қалалық мәслихат депутаты Эльмира Елеусізқызы ашып, ыстық лебізді құттықтау сөз сөйлеп,құрметті қонаққа гүл шоқтарын тарту етті.
Сондай-ақ бенефис кешіне арнайы шақырылған зиялы қауым өкілдері мен өнер жолында қатар жүрген әріптестері бенефис кештің басты кейіпкері Айгүл Қабиқызының еңбек жолы, шығармашылығы мен ұстаздығы, сонымен қатар тағылымды ғұмыры жайында сыр шертті.
Әсерлі әңгіме мен жылы естелік, тағлымды ойлар айтылған бенефис кеш барысында кітапхана қызметкерлері мен өнерімен болашаққа қанат қаққан шәкірттері ән мен күйден тарту тартып кеш қонақтары мен кітапхана оқырмандарына жақсы леп сыйлады. Сәні мен салтанаты жарасқан кеш соңында ұйымдастырушыларға, еңбек жолында қатар жүрген замандастарына, ізін басқан жастарға, кітапсүйер оқырманға зор алғысын жеткізді.
Келесі мақала