ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ ҚАРАЛДЫ
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте Жуалы ауданының даму жоспары қаралды. Аудан әкімі Олжас Қаржауов атқарылып жатқан жұмыстар, жоспарлы жобалар мен өзекті мәселелер т уралы баяндады.
Қазіргі таңда 710 жуалылық тұрғын үй кезегіне тіркелген десек, көпқабатты 12 үй (636) салу құрылысы жоспарлануда. Бұдан бөлек, баспанаға мұқтаж отбасыларды «Асарлатып үй салу», жас мамандарды «Дипломмен – ауылға!» жобалары аясында үймен қамту жоспарлануда.
Сондай-ақ 2025 жылға дейін жеке тұрғын үй құрылысы үшін кезекте тұрған 3 354 адамға жер телімдерін беру көзделуде.
Аудан көлеміндегі 49 елді мекеннің 31-і орталықтандырылған ауызсумен қамтылған (63,2 пайыз). Қалған 11 елді мекенге су құбырын тарту, жетеуіне кешенді блок-модульдер орнату арқылы мәселе түбегейлі шешілмек. Сонымен қатар 40 елді мекен (81,6 пайыз) табиғи газбен қамтылған десек, бұл көрсеткіш алдағы 4 жылда 100 пайызға жететін болады.
2022-2025 жылдары аудан аумағында 12 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Олар бойынша 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Бұдан бөлек 92 шағын жобаны (246 жаңа жұмыс орны) іске қосу күтілуде.
Жобалардың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібі, жаңартылған энергия, денсаулық, білім, мәдениет, кәсіпкерлік салаларын қамтиды. Басқосуда «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасының атқарылу барысы да сараланды.
Обл ыс әкімі әр бі р жобан ың маңыздылығын жан-жақты талқылап, бірнеше жылдан бері тоқтап тұрған жобалардың өзектілігі мен қажеттілігін қайта нақтылауды тапсырды. Орындалуы күмәнді жобаларды жоспарға енгізбеу керектігін атап өтті.
Аймақ басшысы табиғи газ тартылған елді мекендердегі әлеуметтік нысандарды міндетті түрде көмірден көгілдір отынға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ жауаптыларға жол салу мен жөндеу жұмыстарының сапасына барынша назар аударып, тексеру шараларын күшейтуді жүктеп, бір жолды жыл сайын жөндеуге бюджет қаражатын ысырап қылмау керектігін ескертті.
Нұржан Нұржігітов кейбір мәселелер бойынша бірқатар салалық басқарма мен аудандық бөлім басшыларынан және ауылдық округ әкімдерінен жауап алып, тұрғындардың тұрмысын арттыру, жұмыссыздар санын азайту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Келесі мақала