Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Поэзия

Поэзия
ашық дереккөз
Поэзия
Қиын-қыстау күндерде қазақ халқынан қамқорлық көріп, мейіріміне бөленген өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды сыйлап, ана тілімізді де еркін меңгергені қуантады. Осы қадамның өзі олардың ұлтымызға деген құрметінің биік екенін аңғартады. Қазақ тілінің жілігін шағып, майын ішкен өзге ұлт өкілін көргенде ішіміз жылып, сол адамға құрметіміз артатыны рас. Бірлік күніне орай қаны басқа болса да, жаны – қазақ, түрі басқа болса да, тілі – қазақ өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқының кеңдігін, ел бірлігін, татулығын жырлаған өлеңдерін оқырман назарына ұсынып отырмыз. Мен өзіңе қарыздармын мәңгілік Қазақ деген ғажайып ұлт бағы асқан, Құдай солай кеңпейіл ғып жаратқан. Өмір сүріп келе жатыр бұл елде, Қаншама ұлт ынтымағы жарасқан. Түсінік бар әрбір ұлыс тең деген, Өзге ұлт деп сыртқа теуіп, бөлмеген. Мерекеде «Бірлік күні» аталған, Алғысымды жеткізуді жөн көрем. Бітімі бөлек, халық қой қазақ өр кеуде, Қабылдар ма еді, сияр ма едік өзге елге Ынтымағымыз жарасқан мына біздерді, Бірлігімізден айырма Алла, жол берме! Тұрар бізде бейбітшілік сән құрып. Шуақ шашқан әрбір атқан таң күліп, Ынтымағы-жарасқан ел қазағым Мен өзіңе қарыздармын мәңгілік! Лариса КАЛЬКОВА, «Полонез» поляк тілі мен мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қазақ елі – татулықтың мекені Қазақ елі – татулықтың мекені, Олар үшін ұлттардың жоқ бөтені. Көңілі таза, жүрегі ақ қазекем, Кең құшағы бар әлемге жетеді. Татулықты ту еткен ел қазағым, Қуанышың тарқамасын базарың. Өзге демей өздеріңмен тең көріп, Алып жүрсің қаншама ұлтың сауабын. Татулығым, ынтымағым – тұмарым, Қазақстан – киелі өлкем, жыр-әнім. Бірлік деген құндылықты қастерлеп, Мен достықтың шын мәнісін ұғамын. Алғыс жырдың қояйын енді нүктесін, Қастерлі елім көрер қызығың бітпесін. Берекемізді мәңгілік еткей Жаратқан. Бірлігімізге ешқашан сызат түспесін. Хамида ТУРДЫЕВА, «Ассамблея жастары» өңірлік қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Махмұт Қашқари атындағы ұйғырлар этномәдени бірлестігінің мүшесі Ана тілімдей сүйемін қазақ тілін... Ана тілімдей сүйемін қазақ тілін, Қазақ тілім – әдемі, ғажап тілім. Шұбарлайды көп қазақ бағаламай, Сөз қорын, көркемдігін, ғажаптығын. Орысшалап жүреді олар кердеңдей, Шет тілдерін зор мақтаныш көргендей. Ана тілдің абыройын қорғаймын, Тіл қорғаны ағам Герольд Берьгердей. Біле алмадым көп ел неден бүлінді, Ұнатпадым ежелеген түріңді. Өзге ұлттар сайрап жүр ғой қазақша, Қайран қазақ сақта ана тіліңді. Қазақ тілім мені әніңмен тербедің, Сендей көркем, әсем тілді көрмедім. Бағалай біл өз тіліңді бауырым. Қатты кетсем достығымнан ол менің. Евгения КОБЕР, облыстағы немістер қауымдастығы жастар бағдарламасының координаторы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар