Білім
Мектепте ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады - вице-министр
- author AR-AY
- 16 мамыр, 2023
- 168
Мектепте ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады - вице-министр
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова биыл оқу жылының соңында мектептерде салтанатты іс-шараларды өткізуге қойылатын талаптар туралы айтты.
Оның айтуынша, соңғы қоңыраудың салтанатты жиыны мен іс-шараларын қалай өткізуді әр мектеп өзі шешеді. Ал мнистрлік дәстүрлі соңғы қоңырауды қолдайды.
Бірақ ведомствоның нормативтік құжаттарында мұндай іс-шараны өткізу бұдан бұрын да көрсетілмеген, - дейді вице-министр.Министрлік бұл іс-шараны 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орайластырылған форматта өткізуді ұсынады. Бұл ретте Шолпан Каринова аниматорларды, мерекелік кештерді ұйымдастыру агенттіктерін, жеке студияларды жалдау үшін қаражат жинауға тыйым салынатынын ескертті. Сондай-ақ мұғалімдерге, мектеп әкімшіліктеріне сыйлық алу үшін ата-аналардан қаражат жинауға қатаң тыйым салынады.
Келесі мақала