Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАУАПСЫЗ МЕРДІГЕРЛЕР ЖАЗАДАН ҚҰТЫЛМАЙДЫ

ЖАУАПСЫЗ МЕРДІГЕРЛЕР ЖАЗАДАН ҚҰТЫЛМАЙДЫ
ашық дереккөз
ЖАУАПСЫЗ МЕРДІГЕРЛЕР ЖАЗАДАН ҚҰТЫЛМАЙДЫ
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов жетекшілік ететін аталған салалардың басшылары басқосуда есеп беріп, мәселелерге де жан-жақты тоқталды. Облыс әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы Данияр Әбдібеков 2023 жылы 256 жоба жоспарланғанын, оның 181-і биыл тапсырылады деп күтіліп отырғанын жеткізді. Сондай-ақ мерзімі кешіктірілген құрылыс нысандарына айрықша тоқталып өтті. Басқарма басшысы биыл 71 жобалық-сметалық құжаттама жасауға қаржы қаралғанын, оның 51-і әзірленіп жатқанын, 20-сы сараптамадан өтіп үлгергенін айтты. Облыс әкімі барлық мердігерге қойылатын басты талап – құрылыс кестесінің мерзімін бұзбай, сапасын назарда ұстау екендігін жеткізді. Аймақ басшысы бұл тұрғыда жауаптыларға жұмыстарды қатаң бақылауға алу қажеттігін, өз міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамағандарға шара қолданудың маңыздылығын ескертті. Өз кезегінде облыс әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысы Қайрат Бисембаев биыл жыл басынан бері 42 құрылыс нысанына жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 27 нұсқама беріліп, 75 әкімшілік іс қозғалып, 19 221 705 теңгеге айыппұл салынған. Нақтырақ айтсақ, 49 тапсырыс беруші, 18 мердігер мекеме, 1 жобалаушы, 3 авторлық қадағалаушы, 4 техникалық қадағалаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Нұржан Нұржігітов осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру, өз жауапкершілігіне немқұрайды қарайтындарға заң аясында шара қолдану керектігін тапсырды. Ал облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев облыс тұрғындарын ауызсумен және табиғи газбен қамту шараларына тоқталды. Облыстағы 367 елді мекеннің 285-і ауызсумен қамтылған десек, биыл тағы 25 елді мекенге су құбырлары тартылуда. Өңірде ауызсу мәселесін шешу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ал 26 елді мекенде халық санының аз болуына байланысты суды тазартудың кешенді блок-модульдерін орнату жұмыстары қолға алынуда. Қалған 31 елді мекендегі ауызсу мәселесін шешу бойынша да тиісті құжаттар реттелуде. Облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына және облыстың кешенді даму жоспарына сәйкес аталған жұмыстар 2025 жылға қарай толығымен аяқталып, облыс тұрғындары тіршілік нәрімен барынша қамтылу керектігін атап өтті. Сондай-ақ басқосу барысында елді мекендерді газдандыру, иесіз желілер мен коммуналдық меншіктегі желілерді жөндеу, сенімгерлік басқаруға беру секілді бірқатар мәселелер жан-жақты талқыланды. Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар