Жаңалықтар
«Қазақстандықтар суды үнемдегісі келмейді». Премьер-министр тапсырма берді
- author AR-AY
- 2 мамыр, 2023
- 174
«Қазақстандықтар суды үнемдегісі келмейді». Премьер-министр тапсырма берді
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қазақстандықтардың басым бөлігі суды үнемдегісі келмейтінін айтып, мәселені шешуді тапсырды, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте атап өткендей, Қазақстан 2050 жылға қарай суға өте мұқтаж елдердің қатарына кіруі мүмкін. Қазір елімізде 600 мыңнан аса адам ауыз су мәселесін шешуді талап етіп отыр. Тіпті, Астананың өзінде су тапшылығы сезіледі.Осыған байланысты суды үнемдеу мәселесі өте маңызды. Өкінішке қарай, азаматтардың көбі суды үнемдегісі келмейді», - деді премьер-министр Үкімет отырысында. Оның пікірінше, өзекті проблеманы цифрландыру арқылы шешуге болады.
Бұл мәселені шешу үшін саладағы цифрландыруды және тиімді тарифтерді енгізу керек. Осы мәселенің бәрін жаңа Су кодексі мен бағдарламалық құжаттарды дайындау кезінде ескеру қажет, - деп түйіндеді сөзін Үкімет басшысы.Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстан 2050 жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін екенін айтқан еді.
Келесі мақала