Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ТАЗА СУ АЙДЫНДАРЫ» – ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЫ

«ТАЗА СУ АЙДЫНДАРЫ» – ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЫ
ашық дереккөз
«ТАЗА СУ АЙДЫНДАРЫ» – ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЫ
Балық шаруашылығы комитеті төрағасының осы жылғы 16 қаңтардағы бұйрығымен 1 наурыз бен 31 мамыр аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы бойынша балық шаруашылығы суайдындарында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясын өткізу бекітілген болатын. Аталған акция балық аулау желілерінен суайдындарды тазарту және жағалау аумақтарын жинау, сондай-ақ балық ресурстарын сақтау және балықтардың уылдырық шашуына қолайлы жағдай жасау мақсатында өткізілуде. Осы бағытта облыс бойынша биыл 4-мобильдік топ балық барымташыларының заңсыз әрекеттеріне қарсы күресу мақсатында құрылған болатын. Бұл жағдайды ескерген Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басқармасы Шу ауданына жаңа патрульдік моторлы қайық жіберді. Атаулы шараға облыс бойынша балық инспекциясы бөлімінің басшысы Жамбыл Усипберлиев бастаған мобильдік топ мүшелері мен «Балық Fest Shu» қоғамдық бірлестігі бірігіп, Шу ауданындағы Тасөткел суқоймасында тазалық жұмыстарын бастап кетті. Жамбыл облысында бүгінгі таңда 142 балық шаруашылығы суайдындары болса, оның ішінде Шу ауданы бойынша 5 суқойма бар. Олардың барлығында жаппай қадағалап тазарту жұмыстары қолға алынған. Алғашқы екі күн уақытта қараусыз қалған 5-6 шақырымдай аулардан тазартылды. Бұдан бөлек көл бетімен жағалауындағы тұрмыстық қоқыстар тазартылды. Бұл шара 1 маусымға дейін күнделікті балық шаруашылығы субъектілері өз суайдындарында жалғасады. Наурыз айының басынан бері Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы қызметкерлері жүргізген жұмыстар нәтижесінде балық аулау заңнамасын бұзған 7 факт бойынша хаттама толтырылып, оның ішінде үшеуі сотқа жолданған. Бүгінде қытайлық ау қолдану, тоқпен ұру сияқты залал келтірушілер азайған. Оның үстіне аумақтық инспекция, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары, құқық қорғау қызметкерлері мен «Балық Fest Shu» қоғамдық бірлестігі бірлесіп, арнайы бекітілген іс-шара негізінде жұмыс істеуде. Уылдырық шашу мезгілінде балық шаруашылығы саласындағы заңдылықтарды көпшілікке түсіндіру мақсатында үгіт-насихат жұмыстары да жүргізіліп, мақалалар жарияланып келеді.

Жұмахан ЧЕКАЕВ, «Балық Fest Shu» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Шу ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар