Жаңалықтар
«Головкинді де, Рыбакинаны да қазақ деп қабылдаймын». Ақпарат министрі «ұлтқұру» сөзіне тоқталды
- author AR-AY
- 27 сәуір, 2023
- 249
«Головкинді де, Рыбакинаны да қазақ деп қабылдаймын». Ақпарат министрі «ұлтқұру» сөзіне тоқталды
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының кулуарында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «ұлтқұру» термині туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Ол – қалыптасқан ғылыми термин. Ұлтқұру деген мүмкін қазақшада дұрыс естілмеген шығар. Қазақшаға аударылғанда калька болған шығар. Бірақ бұл - ғылыми термин. Жалпы этнос деген ұғым бар, ұлт деген ұғым бар. Мен кешегі сессияның екінші отырысына қатысқан жоқпын. Бірақ оған байланысты жақсы пікірлер де айтылды. Әрине, ел болғаннан кейін сын да айтылады. Біз жақын арада «Көзқарас» клубында осы мәселені кеңірек талқылаймыз, сарапшыларды шақырамыз. Жалпы ұлтқұрудың әлемде қалыптасқан ұғымдарын талқылаймыз. Негізі ондай мәселелер ғылыми тұрғыда талқылануы керек. Ұлтқұрудың түрлі компоненттері бар. Сондықтан біз бұл мәселеге ғылыми негізде қарауымыз керек. Бұл тақырып кімнің идеясы екенін айта алмаймын. Тағы да айта алам, екінші сессияға қатысқан жоқпын. Бірақ оны ақпарат құралдары арқылы білдім. Орысшасы «нацстрой» деген термин. Ағылшын тілінде бұл туралы көптеген кітаптар, зерттеулер бар», - деді ведомство басшысы.
БАҚ өкілдері министрден Қазақстан азаматтарының төлқұжатына ұлты қалай деп көрсетілгені дұрыс деп есептейтінін сұрады.
«Мен жалпы «қазақ» дегенге тоқтаймын. Өйткені біздің бәрімізді қазақ деп қабылдайды. Винокуровты да, Головкинді де, Рыбакинаны да шетелде қазақ спортшысы деп қабылдайды. Мұның бәріне ғылыми тұрғыда келуіміз керек. Төлқұжатта бүкіл ұлттар қазақ болуы керек деп ешкім айтып жатқан жоқ. Қазір Президент қандай мәселелер қозғайтынын тыңдайық. Қазақша дұрыс аударылмаса, оны ғалымдардан сұрау керек. Жалпы бұл кез келген өркениетті елде кеңінен талқыланатын ұғым», - деді Дархан Қыдырәлі.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы өтіп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
2024 жылдың соңына дейін Жамбыл облысында 16 ірі жоба іске қосылады
- авторAR-AY
- 17 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
Ауылдық жерлерден шыққан 450 оқушы олимпиадада өз бақтарын сынады
- авторAR-AY
- 17 желтоқсан, 2024