Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ұлтаралық, тілдік және әлеуметтік негіздегі арандатушылықтар мемлекет тарапынан заң аясында жойылады-Президент

Ұлтаралық, тілдік және әлеуметтік негіздегі арандатушылықтар мемлекет тарапынан заң аясында жойылады-Президент
ашық дереккөз
Ұлтаралық, тілдік және әлеуметтік негіздегі арандатушылықтар мемлекет тарапынан заң аясында жойылады-Президент
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының отырысында әрбір азамат өз болашағын Қазақстанмен тығыз байланыстыруы керек деді, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
"Сонда ғана халқымыз біртұтас ел болып тұра алады. Ешкімді ұлтына, тіліне, дініне қарап кемсітуге болмайды. Қоғамда мұндай ұстанымға сай бөлектенуге жол берілмейді. Әрқайсымыз – Қазақстан атты қасиетті қара шаңырақтың перзентіміз. Бәріміз – бүгінгі өмірі және болашағы – бір бауырлас азаматтармыз."Қасым-Жомарт Тоқаев
Ұлтаралық, тілдік және әлеуметтік негіздегі барлық арандатушылықтар мемлекет тарапынан заң аясында қатаң түрде жойылады. Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап, заң аясында әрекет ететін болады, - деп ойын жалқастырды мемлекет басшысы.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар