Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мойынқұмда ЖЭС салынады

Мойынқұмда ЖЭС салынады
ашық дереккөз
Мойынқұмда ЖЭС салынады

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Астана қаласында франциялық «Total Eren» компаниясының басшылық өкілдерімен кездесті. Кездесуге ҚР Сыртқы істер министрлігі инвестициялар жөніндегі комитет төрағасы Ардақ Зебешев және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басшылары да қатысты. Басқосу барысында Мойынқұм ауданында қуаттылығы 1 ГВт болатын жел электр стансасын салу жобасы талқыланды. Компанияның вице-президенті Антуан Гарре өздерінің табиғат тазалығына құрметпен қарайтындықтарын жеткізіп, жобаның қоршаған ортаға әсерін азайту бағытында зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ ол жобаға қолайлы жерді анықтау үшін негізгі және балама орындар қарастырылып отырғанын атап өтті. Аймақ басшысы жергілікті билік жобаға қолдау көрсетуге дайын екенін айтып, әкімдік тарапынан жер телімін бөлу бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды. – Бұл жоба біз үшін де маңызды. Оған жер телімін бөлу үшін тиісті заңға өзгерістер енгізуге қатысты жұмыстар жүргізілуде. Мәселені жедел шешу бойынша министрліктердің қолдауына ие болып отырмыз. Біз жобаны табысты іске асыру үшін компаниямен бірлесіп әрекет етуге дайынбыз, – деді Нұржан Нұржігітов. Айта кетейік, компания өкілдері 26-27 сәуір күндері Тараз қаласында өтетін «ZHEIF-2023» халықаралық инвестициялық форумға қатыспақ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар