Әлемде
Үндістан Қытайды басып озып, әлемдегі халық ең көп қоныстанған ел болды
- author AR-AY
- 20 сәуір, 2023
- 300
Үндістан Қытайды басып озып, әлемдегі халық ең көп қоныстанған ел болды
Сәрсенбіде жарияланған БҰҰ мәліметтері бойынша, Үндістан Қытайды әлемдегі ең көп қоныстанған ел ретінде басып озды. Үндістанның халқы 1,428 миллиард адамнан асты. Ал Қытайда халық саны 1,425 миллиард адамды құрайды. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.
Алайда, деректер көрсеткендей, ҚХР сандарына Гонконг пен Макао, Қытай мен Тайваньның арнайы әкімшілік аймақтары кірмейді.
Үндістан халқының өсуі жалғасады және 2050 жылға қарай 1,6 миллиардқа жетеді деп күтілуде. Бұл кезде Қытай халқы шамамен 1,3 миллиардқа дейін азаяды деп болжануда.
Ал өз елімізге тоқталатын болсақ, 2023 жылғы 19 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19,8 млн адамды құрады. Оның ішінде қалада – 12,2 млн, ауылда – 7,5 млн адам тұрады.
Келесі мақала