Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Саябақтың сәнін кіргізген көрме

Саябақтың сәнін кіргізген көрме
ашық дереккөз
Саябақтың сәнін кіргізген көрме
23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күніне орай облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта «Біз әлемді үлкен кітапханаға айналдырамыз» атты кітапханалық бульвар мерекелік іс-шарасы өтті. Студент жастар мен оқырмандар қатысқан кітапханалық бульвар шымылдығы Ә.Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған «Махаббат, қызық мол жылдар» романының үзіндісімен ашылды. Сондай-ақ Шерхан Мұртаза сынды белгілі жазушылардың шығармасындағы кейіпкерлердің де рөлі сомдалды. Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтарына дойбы, шахмат және тоғызқұмалақ ойындарынан жарыс көрсетілді. Ал «Библиокафе» мәзірінде танымал шығармалар мен туындылардан ас әзірленіп, Шатырлы қалашығының жастары жергілікті ақындардың жыр шумақтарын оқып, этноауылдың әжелері ертегі оқып берсе, 3D форматында кітап инсталяция көрмесі көрсетілді. Айта кету керек, іс-шараға «Болашақ» мектеп-интернаты, зағип оқырмандар және жоғары, арнаулы орта оқу орындарының студенттері, волонтерлер, жастар үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, облыс тұрғындары белсене қатысты. Олар жақсы әсерлерімен бөлісіп, кітапхана ұжымына алғыс білдірді.

Шапағат ӘБДІР

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар