Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАМБЫЛДЫҚ БАЛУАН ЖАРАДЫ

ЖАМБЫЛДЫҚ БАЛУАН ЖАРАДЫ
ашық дереккөз
ЖАМБЫЛДЫҚ БАЛУАН ЖАРАДЫ
13-14 сәуір күндері елордамыз Астана қаласында еркін күрестен Азия чемпионаты өтті. Құрлық додасына 22 мемлекеттен 400-ге жуық боз кілем шеберлері сынға түсті. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған жерлесіміз Рахат Қалжан 57 келі салмақта белдесіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Қола жүлде үшін белдесуінде Қалжан Рахат моңғолиялық Занабазар Занбанбудпен сынға түсті. Тартысқа толы сайыста жерлесіміз айқын басымдықпен жеңді. Айта кетейік, қарсыласы Занабазар Занбанбуд өткен жылғы әлем чемпионатының қола жүлде иегері.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар