Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда көпқабатты үй өртеніп, тұрғындар мектепке орналастырылды

Таразда көпқабатты үй өртеніп, тұрғындар мектепке орналастырылды
ашық дереккөз
Таразда көпқабатты үй өртеніп, тұрғындар мектепке орналастырылды
Таразда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз хатшысының хабарлауынша, 16 сәуір күні сағат 3:55-те Тараз қаласындағы Төле би көшесі, 4 мекенжайында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шықты. Жалын 800 шаршы метрді, яғни ғимарат шатырының жалпы аумағын шарпыды. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің күшімен тұрғын үйден 100 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 60-ы – бала. Өртті сөндіруге 13 техника мен 54 өрт сөндіруші жұмылдырылды.
photo
  Қала әкімі Бақытжан Орынбековтің тапсырмасымен өрттен зардап шеккен тұрғындарды №10 мектепке уақытша орналастыру жөнінде шешім қабылданды. Өрттің шығу себебі мен шығынын арнайы құрылған комиссия есептейді.
photo
  photo
photo
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар