Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тараз қаласында жылыту маусымы аяқталды

Тараз қаласында жылыту маусымы аяқталды
ашық дереккөз
Тараз қаласында жылыту маусымы аяқталды
Тараз қаласы әкімінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 29-ө өкіміне сәйкес 12 сәуірде сағат 00:00-де 2022-2023 жылыту маусымы аяқталды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Бірақ ыстық су беру жалғасуда. Бүгінгі таңда жылуды өшіру және жүйені ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты 2-3 күн ішінде ыстық су беруде үзілістер болуы мүмкін. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде «Таразтрансэнерго» кәсіпорны жылу трассасындағы апатты жағдайлардың салдарынан ыстық судан ажыратылған үйлер туралы хабарландыру таратқан. Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! «Таразрансэнерго» МКК 12.04.2023 ж. жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезеңінде орамішілік жылу желілерінің филиалдарында апатты зақымдануларға байланысты 14:00-ден бастап келесі мекенжайлардағы көппәтерлі тұрғын үйлерге орталықтандырылған ыстық су беруден ажыратылды: - Төле би көшесі, 91,93,95, 116. - Рысбек батыр көшесі, 1,2,2А,3,4,4А,7А, 9.9А, 6, 6А, 8А. - Рахимов көшесінің 2-бұр, 1. 6. – - Рахимов көшесі, 59,61. - Аппасова көшесі. 30. 9 шағын ауданы, «Мыңбұлақ» ш.а. №o29,30,30А,31,36,37,44,45,46,47,51,52,52А,56,57, 58, 60, 65, 66, 67, 17,19. Жоғарыда аталған үйлерді тез арада орталықтандырылған ыстық су жүйесіне қосу шараларын қабылдап жатыр. Түсіністікпен қарағандарыңызға рахмет. Сұраулар үшін Диспетчерлік қызмет (24/7) 343728
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар