Жаңалықтар
"Дін аманбыз": Астанада қамауға алынған мұнайшылардың бейнеүндеуі жариялады
- author AR-AY
- 12 сәуір, 2023
- 244
"Дін аманбыз": Астанада қамауға алынған мұнайшылардың бейнеүндеуі жариялады
Астанада жиналған мұнайшылар халыққа үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елорда вокзалында түсірілген видеода Жаңаөзен жұмысшылары бәрі жақсы екенін және үйлеріне қайтқалы жатқандарын айтады.
Жаңаөзендіктер маңғыстаулықтарды уайымдамауға шақырып, қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді.
Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзеннен барған 60-70-ке жуық адам талаптарын айтып, Энергетика министрлігі ғимаратының алдына жиналды. Бұл мәселеге қатысты Қазмұнайгаз өкілдері түсінік берді.
Ал Үкімет отырысында елордаға келген жаңаөзендік мұнайшыларға қатысты вице-премьер Алтай Көлгінов пікір білдірді. Вице-премьердің айтуынша, бұл келіссөздер процесі де, барлығы да заң аясында шешілуге тиіс.
Келесі мақала