Жаңалықтар
Астанада наразылыққа шыққан мұнайшылардың көшбасшылары мәлімдеме жасады
- author AR-AY
- 11 сәуір, 2023
- 216
Астанада наразылыққа шыққан мұнайшылардың көшбасшылары мәлімдеме жасады
Астанада наразылыққа шыққан «БерАли» компаниясының жұмысшылары Жолмұрат Ұлықпанов пен Нұрсұлтан Нұрымов видеоүндеу түсіріп, бүгін санкцияланбаған митинг үшін ұсталған мұнайшылар Маңғыстауға қайтарылатынын жеткізді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Сондай-ақ олар бұл мәселені Маңғыстауда «ҚазМұнайГаз» компаниясы өкілдерімен бірге комиссия құрып, шешетінін айтты.
«Қазір полиция бөлімінде жүрміз. Мұнайшылардың бір бөлігін пойызбен, бір бөлігін ұшақпен елге қайтарамыз», - дейді видеода Жолмұрат Ұлықпанов.
Мұнайшылардың көшбасшылары Жаңаөзендегі қолдаушыларын заңсыз әрекетке бармауға және үйлеріне қайтуға шақырды.
Еске сала кетейік, кеше Энергетика министрлігі ғимаратының алдына 70-ке жуық жаңаөзендік («Бералы Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлері) жиналды.
Бүгін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында ведомство ғимаратының маңайында түнеп шыққан жаңаөзендік жұмысшылардың талабы бойынша ресми шешім әзірленіп жатқанын айтты.
Бұл мәселеге пікір білдірген вице-премьер Алтай Көлгінов заң аясында әрекет ету қажеттігін, «тендерден ұтылған компанияның қайтадан ұтып шыққанын талап ету» дұрыс еместігін айтты.
Бүгін кешке Энергетика министрлігі алдына жиналған бір топ жаңаөзендік мұнайшыларды полиция ұстап әкетті.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024