Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

2 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

2 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды
ашық дереккөз
2 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов облыс прокуратурасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі сараптамалық кеңестің бірлескен отырысына қатысты. Жиынға облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, кәсіпкерлер палатасы мен салалық басқармалардың өкілдері, кәсіпкерлер қауымдастығының сарапшылары қатысты. Нұрғалым Әбдіров кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау –прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Ағымдағы жылы прокуратура органдары 101 қадағалау актісін енгізген десек, нәтижесінде 2 258 кәсіпкердің құқығы қорғалған. Салық, жер, әкімшілік заңнама, мемлекеттік сатып алу салаларында заңбұзушылықтар анықталған. Салық органдары мен атқарушы өндірістердің 538 актісінің күші жойылып, бизнес-қоғамдастық өкілдеріне 196 миллион теңге төленді. 29 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылса, оның алтауы басшылық құрам қатарынан. Прокуратураның кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топтарына 27 өтініш түскен. Кәсіпкерлік субъектілерін қылмыстық үдеріске заңсыз тарту фактілеріне ерекше назар аударылады. Басқосу барысында мектеп асханаларының жұмысын қамтамасыз ететін кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз мониторинг жүргізу, делдалдар арқылы суғару суының тарифтерін шамадан тыс көтеру, «Қоғамдық бақылау – тексеруді талап ету» пилоттық жобасын жүзеге асыру барысында жіберілген заңбұзушылықтар, шағын және орта субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері талқыланды. – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бірлесе отырып, бюрократиялық кедергілерді жою шараларын жалғастыру қажет. Кәсіпкерлер өз жауапкершіліктерін ұмытпауы керек. Біз диалогқа әрқашан дайынбыз. Айталық, «Бизнеске арналған үкіметтің» фронт-офисінде үш айда 400-ге жуық кәсіпкерді қабылдадық. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында қолдау шараларына 13 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Ауылшаруашылық саласын субсидиялауға қосымша 30 миллиард теңге бөлінді. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша жұмыстар бизнес-қоғамдастықпен тығыз байланыста жүргізілуде, – деп түйіндеді Нұржан Нұржігітов. Жиын қорытындысымен анықталған мәселелерді шешу бойынша ұсынымдар әзірленді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар