Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қаруды өз еркімен тапсырған қазақстандықтарға сыйақы төленеді

Қаруды өз еркімен тапсырған қазақстандықтарға сыйақы төленеді
ашық дереккөз
Қаруды өз еркімен тапсырған қазақстандықтарға сыйақы төленеді
ІІМ-де өткен брифингіде Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов тапсырылған қарудың қалай бағаланатынын түсіндірді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Өтемақы мәселелеріне келетін болсақ, қаруды өтемді тапсырғаны үшін төлемдер мөлшері олардың түріне, техникалық күй-жайына байланысты әр бірлігі үшін 34 мыңнан 345 мыңға дейін әр түрлі болады. Сыйақы көлемін әр облыстық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылатын комиссиялар белгілейді», - деді Асылбек Ыдырысов. Айта кетсек, қаруға төленетін қаражат көлемі келесідей: - автоматты ойық қару үшін – 345 мың теңгеге дейін; - ойық ұңғылы мылтықтар мен карбиндер үшін – 172 мың теңгеге дейін; - тапаншалар мен револьверлер үшін – 138 мың теңгеге дейін; - тегіс ұңғылы мылтықтардың әрбір бірлігі үшін – 103 мың теңгеге дейін; - травматикалық тапаншалар үшін – 34 мың теңгеге дейін. «Төлемдер мөлшерін айқындау кезінде комиссиялар қарудың техникалық жай-күйін ескереді және тиісті санат беріледі. Олар барлығы 3 санатқа бөлінеді. Соған қарай төлем жүргізіледі. Сыйақы төлеу мерзімі – 1 ай», - деп түсіндірді Асылбек Ыдырысов. Бұрын хабарлағанымыздай, 11 жылдың ішінде қару тапсырған қазақстандықтарға 1,9 млрд теңге төленген.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар