Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әлібек Қалбайдың өлімі: атыраулық сарбазға сот үкімі шықты

Әлібек Қалбайдың өлімі: атыраулық сарбазға сот үкімі шықты
ашық дереккөз
Әлібек Қалбайдың өлімі: атыраулық сарбазға сот үкімі шықты
Алматыда әскери сотта Әлібек Қалбайдың өліміне кінәлі деп айыпталған атыраулық сарбазға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап. Атыраулық сарбаз Айболат Аманжолов қылмыстық кодекстің 440-бабы (Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу) бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, бұған дейін марқұмның туыстары мен сотталушының анасы тергеудің атүсті жүргізілгенін айтып, жазықсыз сарбаздың сотталмауы қажет екенін жеткізді.

ӘЛІБЕК ҚАЛБАЙДЫҢ ӨЛІМІ

Маңғыстаулық Әлібек Қалбай 2022 жылдың 22 сәуірінде Жамбыл облысы Отар ауылында орналасқан әскери бөлімде қайтыс болды. Ол сапта тұрған кезде кенеттен есінен танып құлаған. Жас сарбаздың қазасына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды. Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты сот отырысы Алматы гарнизоны әскери сотында 23 тамызда басталды. 2022 жылдың қарашасында істі сот прокуратураға қайтарды. Оның өліміне қатысты күдікті деп танылған 18 жастағы атыраулық сарбаз Айболат Аманжолов қазір Алматыдағы тергеу изоляторында отыр. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 440-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалған. Екі сарбаз да әскерге 13 сәуірде шақырылған және олар әскери ант қабылдап та үлгермеген. Әскери бөлімге 18 сәуір күні жеткен.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар