Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жаз күндері жамбылдықтардың орманға баруына тыйым салынды

Жаз күндері жамбылдықтардың орманға баруына тыйым салынды
ашық дереккөз
Жаз күндері жамбылдықтардың орманға баруына тыйым салынды
Жамбыл облысында 1 маусымнан 20 қыркүйекке дейін тұрғындардың орманға баруына тыйым салынады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Орманда өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңде (жыл сайын 1 маусымнан 20 қыркүйекке дейін) жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін», - делінген облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қол қойған қаулыда. Әкімдік сайтында жарияланған құжатат көрсетілгендей, бұл шектеу орман өртінің алдын алу мақсатында енгізілген. Қоса кетсек, таяуда осындай тыйым салу шарасы Қостанай облысында да қабылданды. Былтыр аталған өңірге қарасты Әулиекөл ауданындағы орманда алапат өрт болды. Бірнеше аптаға жалғасқан тілсіз жау салдарынан 2 091 адам эвакуацияланып, 12 тұрғын түрлі жарақат алды. Сонымен қатар, бір азамат көз жұмды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар