Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АКВАРЕЛЬ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

АКВАРЕЛЬ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
ашық дереккөз
АКВАРЕЛЬ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
Кеше облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Көркемсурет галереясында «Қазақстан халқына сүйіспеншілікпен – бүкіл әлем акварельмен» атты көрме ашылды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың, Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті және Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қолдауымен ұйымдастырылған көрмеге аймаққа белгілі суретшілердің  әр түрлі бағыттағы және тенденциядағы классикалық және заманауи акварельдермен боялған  80-ге жуық  туындыларды көрермен назарына ұсынылған. Суретшілер өз туындыларында Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сүйіспеншілікпен айтады. Мәселен, акварель суретшісі Елена Панина өз жұмысында белсенді және шығармашылық өмір салтын ұстанатын замандастарын суреттейді.  Сондай-ақ, «Аяулы ана», «Тек қана алға», «Көкпар» және басқа да шығармаларда портреттер мен жанрлық көріністерде этникалық мотивтерді пайдалана отырып, ол акварель бояуының кең мүмкіндіктерін дербес және толыққанды туындылар ретінде көрсетеді. Ал сәндік суретші Қазым Аманқосов акварель эскиздерінде абстрактілі формаларды пайдалана отырып,  Ұлы дала көшпелілерінің жарқын бейнесін, олардың тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрін бейнелеген. Суретшінің айтуынша, туған жерге арналған «Жалғыз саяхатшы», «Ұлы дала» және «Жайлау» эскиздері майлы бояумен орындалған сюрреалды ізденістер мен тәжірибелердің жемісі болды. Айта кетейік, бұл жылжымалы көрме 2021 жылдың желтоқсан айында Санкт-Петербургтік көрермендерін Қазақстанның бейнелеу өнерімен таныстырды, сонымен қатар өздерінің акварель шығармаларың көрмеге қойды. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі 2022 жылдың ақпан айынан бастап жалғасын тапты. Алдағы уақытта қазақстандық суретшілер вернисажын Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайында және Мемлекеттік Третьяков галереясында мәскеулік көрермендерге ұсынбақ.  width=  width=  width=
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар