ДӘРІГЕРЛЕР ТҮРКИЯДА БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРДЫ
Жуырда Жамбыл облысының дәрігерлері Түркия Республикасының Стамбұл каласындағы «МEDIPOL» клиникасында кәсіби біліктіліктерін арттырып келді. Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жергілікті бюджет есебінен жүзеге асты. Айта кету керек, барлығы 16 дәрігер оқып келді. Олар: кардиолог, терапевт, аритмолог, хирург және нейрохирургтар. Яғни облыстық көпбейінді, қалалық көпбейінді, облыстық көпбейінді балалар ауруханасы, Талас, Шу, Меркі, Жуалы және Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханаларының дәрігерлері тәжірибелерін толықтырды.
Дәрігерлер күнделікті «МEDIPOL» клиникасының нейрохирургия және кардиология, кардиохирургия бөлімдерінде біліктіліктерін арттырды. Клиника базасында олар профессор Билал Бозтосунның қатысуымен жоспарлы және шұғыл оталарға катысып, түрлі диагностикалык зерттеулер жүргізді. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі және жіті коронарлы синдром, туабітті жүрек акауларын, жүрек ырғағы бұзылысын диагностикалау және емдеу максатында стенд орнатуға қатысты. Жүрек тамырларына стенд орнатудың жаңаша әдіс-тәсілдерін үйренді. Алдағы уақытта аймақ дәрігерлері үйренгендерін өз іс-тәжірибелерінде пайдаланатын болады.
Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Келесі мақала
ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024