Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ВЕЛОСПОРТШЫЛАР ТАБЫСТЫ ОРАЛДЫ

ВЕЛОСПОРТШЫЛАР ТАБЫСТЫ ОРАЛДЫ
ашық дереккөз
ВЕЛОСПОРТШЫЛАР ТАБЫСТЫ ОРАЛДЫ
16-18 наурыз аралығында Шымкент қаласында велокросстан 13-14 жас, 15-16 жас және 17-18 жас аралығында ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. Жалпы 9 команда, 150-ге жуық спортшы қатысқан додада облысымыздың намысын №4 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары қорғады. Велоспортты серік еткен саңлақтарымыз жеңіс жолында аянып қалмады. Нәтижесінде 13-14 жастағы кіші жасөспірімдер арасында Жаннұр Жасұзақ 7 айналымда жеңімпаз атанды. Ал 15-16 жас аралығында жасөспірімдер арасында Даниял Шевцовке (10 айналымда) тең келер қарсылас табылмады. Сонымен қатар 17-18 жас аралығындағы жастар арасында Алмаз Сағындықов (12 айналымда) 32 спортшыны шаң қаптырып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Жеңімпаз атанған облысымыздың спортшылары алдағы уақытта велоспорттан Қазақстан Республикасы жастар, жасөспірімдер құрама командасының қатарына енеді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар