Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

САМБОШЫЛАР НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕДІ

САМБОШЫЛАР НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕДІ
ашық дереккөз
САМБОШЫЛАР НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕДІ
Жуырда Қарағанды қаласында ерлер мен әйелдер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне еліміздің әр өңірінен 20 команда, 700-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады. Жамбыл облысының намысын қорғаған спортшылар әр жекпе-жекте ерекше өнерімен көзге түсіп, жарыстың көрігін қыздырды. Бірнеше күнге жалғасқан чемпионаттың қорытындысы бойынша Сағыныш Әліпбай, Фариза Нұрсейтова мен Асылжан Орынбасарова жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді. Ал Елизат Аязбек, Аружан Адасхан, Сағат Байғараева және Айида Карчаева біріншіліктің күміс жүлдесін иеленді. Сондай-ақ алты спортшымыз қола жүлдені қанағат тұты.  
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар