Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Елена Рыбакина айдың үздік ойыншысы атағына ұсынылды

Елена Рыбакина айдың үздік ойыншысы атағына ұсынылды
ашық дереккөз
Елена Рыбакина айдың үздік ойыншысы атағына ұсынылды
 Relevant Tennis Twitter-аккаунты өзінің жазылушыларына наурыз айының қорытындысы бойынша әлемдегі үздік ойыншыны таңдауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. RelevantTennis мәліметіне қарағанда, үміткерлер тізіміне төрт теннисші енген. Атап айтқанда, әлемнің 7-ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина, сондай-ақ румыниялық Сорана Кырстя (WTA рейтингісінде 41-орын), Беларусь өкілі Арина Соболенко (2-орын), чехиялық Петра Квитова (10-орын) айдың үздік ойыншысы атағынан үміткер. Елена Рыбакина наурыз айында Индиан-Уэллс мастерс турнирінде чемпион атанғаны белгілі. Сондай-ақ 2 сәуірде аяқталған Майами мастерс жарысының финалына дейін жетті. Е.Рыбакина 14-15 сәуірде Астанада Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Польша матчына қатысып, ел намысын қорғайды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Чарльстонда әлемнің экс-үшінші ракеткасын жеңгенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына өтті.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар