Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Облыстағы оқ-дәрі қалдықтары жойылады

Облыстағы оқ-дәрі қалдықтары жойылады
ашық дереккөз
Облыстағы оқ-дәрі қалдықтары жойылады
3 сәуірден бастап Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің аумағында оқ-дәрілердің қалдықтарын тазарту басталады. Аталған жұмыстарға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы инженерлік-саперлік бөлімшелерінің әскери қызметшілерінен құралған біріккен жасақ кіріседі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының өкілдері мәлімдеді. – Оқ-дәрі қоймаларындағы оқиғалардың салдарын жою бойынша негізгі жұмыс өткен жылдың наурыз айынан қарашаға дейін орындалды. Барлық жиналған оқ-дәрілер толығымен бақыланатын жарылыстар кезінде жойылды. Биылғы қайта тазарту жұмыстары кезінде қалдықтар табылып жатса, олар да бақылау арқылы жойылатын болады, – деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы инженерлік әскерлерінің бастығы, подполковник Аралбек Берікұлы. Екінші спикердің мәліметінше, оқ-дәрілердің қалдықтарын арнайы жабдықталған орынға шығарып, жою жоспарланған. Барлық жұмыстар қауіпсіздік нормалары мен талаптарын қатаң сақтай отырып ұйымдастырылады. – Жергілікті тұрғындар мен маңайдағы шаруа қожалықтарына төнетін қауіп жоқ. Осыған байланысты Тараз қаласы мен Байзақ ауданындағы ауыл тұрғындарының алаңдамауын сұраймыз. Жою жұмыстары барысындағы жарылыстардың қуаты өткен жылмен салыстырғанда үш есеге аз, сәйкесінше мұндай жарылыстар оқ-дәрі бөлшектердің табылуына байланысты аптасына 1 рет жүргізілетін болады, – деді 28349 әскери бөлімінің командирі, подполковник Еркін Әбсадықов. Айта кету керек, аумақты оқ-дәрі қалдықтарынан қайта тазарту жұмыстары биыл қараша айының соңына дейін жалғасады.

Аяулым Болатқызы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар