Ел-жұрттың өтініші ескерусіз қалмайды
Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдауға келген Тараз қаласы және Жамбыл ауданының тұрғындары негізінен ауыл шаруашылығына инвестиция тарту, баспана және басқа да әлеуметтік мәселелерді көтерді.
Айталық тараздық Сахабек Бердіқожаев Мойынқұм ауданының ауыл шаруашылық саласын дамыту үшін әзірленген бизнес жоспарымен таныстырса, Жамбыл ауданынан келген азаматша «Асарлатып үй салу» жобасы аясында баспана мәселесін шешіп беруді сұрады.
Өзге де азаматтар өз мәселелерін жеткізді.
Облыс әкімі барлық сұрақтар заң аясында шешілетінін атап өтіп, кейбір мәселелер бойынша жан-жақты мүмкіндіктерді қарастыру, зерделеу жүргізу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Келесі мақала