Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«AMANAT» партиясы Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды

«AMANAT» партиясы Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
ашық дереккөз
«AMANAT» партиясы Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында Премьер-Министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен «Amanat» партиясы ұсынатынын айтты.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар