Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мемлекет қызметінің этикасы – басты назарда

Мемлекет қызметінің этикасы – басты назарда
ашық дереккөз
Мемлекет қызметінің этикасы – басты назарда
Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен мінез-құлқына үлкен мән беріліп отыр. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсіби және жеке құзыреттерді, моральдық-адамгершілік қасиеттер мен этикалық ұстанымды көрсетуге негізделген. Қазіргі уақытта облысымыздың сот жүйесінде 300-ге жуық мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Өзінің функционалдық міндеттерін атқару кезінде олардың әрқайсысы заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді сақтаумен қатар, мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін басшылыққа алады. Онда мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері мен мінез-құлық қағидалары регламенттелген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен мінез-құлық нормаларын арттыру мақсатында семинар сабақтар және «Ашық есік күндері» түрінде бірқатар түсіндіру іс-шаралары өткізілуде. Жалпы, мемлекеттік қызметшілер спорттық іс-шараларды қоса алғанда, мәдени-қоғамдық өмірге белсенді қатысады. БАҚ-та мақалалар үнемі жарияланып тұрады. Қазіргі заманғы мемлекеттік қызметші жауапкершілік, бастамашылдық, стресске төзімділік, парасаттылық сияқты жеке қасиеттерімен қатар қызметті басқару, ынтымақтастық, шешім қабылдау, жеделдік қабілеттеріне ие болуға, сондай-ақ өзін-өзі дамытумен үздіксіз айналысуы қажет. Лауазымды тұлғалардың әріптестерімен әдепті мінез-құлық нормаларын, қызметтік және қызметтен тыс қарым-қатынас қағидаттарын сақтау, қоғам мен азаматтардың адалдығы мен бейтараптығына сенімділікке ие болуына ықпал етуге тиіс.

Гузаль ТУРДЫЕВА, Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар