Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ШӘРІПОВА ШАРШЫ АЛАҢҒА ШЫҒАДЫ

ШӘРІПОВА ШАРШЫ АЛАҢҒА ШЫҒАДЫ
ашық дереккөз
ШӘРІПОВА ШАРШЫ АЛАҢҒА ШЫҒАДЫ
20 мамырда Таразда кәсіпқой бокстан халықаралық турнир өтеді. Сол жарыста Қазақстанның танымал былғары қолғап шебері Фируза Шәріпова да өнер көрсетеді. Айшықты өнерімен жанкүйерлер жүрегін жаулап алған 28 жастағы Жамбыл бокс мектебінің түлегі кәсіпқой рингте 17 кездесу өткізіп, 15 рет жеңіске жеткен. 8 бәсекеде айқын басымдық танытты. Фирузаның кезекті қарсыласы – Рут Чисейл. Малави өкілінің де жүріп өткен жолы жарқын жеңістерге толы. 14 жекпе-жектің тек екеуінде ғана ұтылса, 7 қарсыласын есінен тандырған. Тараздағы бәсекеде бағы жанған боксшы 36 жастағы Ирландияның өкілі, Олимпиада чемпионы, бірнеше салмақ дәрежесі бойынша абсолютті әлем чемпионы Кэти Тейлормен күш сынасу құқығына ие болады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар