Береке бастауы - әз-Наурыз
Бүгін тоқшылық пен береке-бірліктің мерекесі – Наурыз мейрамы арнайы ҚР Тұңғыш Президент саябағында ұйымдастырылды.
"Армысың, әз-Наурыз" атты ұлық мерекемізге арналған іс-шарада ұлттық құндылықтар кеңінен дәріптеліп, халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінен театрландырылған көріністер қойылып, Қазақ күресінен сайыстар өткізілді.
Ақшаңқан киіз үйлерді аралаған облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров ұлттық қолөнер көрмесін, "Арқан тарту"," Тұсау кесу" сынды салт-дәстүрлерді тамашалады. Әрі жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтады.
Ұлыстың ұлы күніне арналған мәдени іс-шараны еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін тамашалап, бір-бірін құттықтап, ізгі ақ ниеттерін білдіріп жатса, өнерлі өнерпаздар ән мен жырдан шашу-шашып, көпшілік керемет көңіл күйге бөленді.Халыққа наурыз көже мен палау тегін таратылып, жиылған жұртқа концерттік бағдарлама көрсетілді. Сайысқа қатысқан балақайлар мен үлкендерге сый-сияпат үлестірілді.
Келесі мақала