Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сайлау белсенді өтіп жатыр

Сайлау белсенді өтіп жатыр
ашық дереккөз
Сайлау белсенді өтіп жатыр
Тараз қаласындағы №36 сайлау учаскесі  сағат 7.00-де өз жұмысын бастады. Астана уақыты бойынша сағат 14.00-дегі жағдайға сәйкес 130-ден аса қазақстандық келіп дауыс берді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі. Бүгін елімізде дауыс беру учаскелерінде кезектен ҚР Парламенті Мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы басталды. Тараз қаласында да дауыс беру барысы қарқынды өтіп жатыр. Сайлауға үзіліссіз келіп жатқан халықтың көңіл күйі де көтеріңкі екенін байқадық. Қаламыздағы Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясында орналасқан №36 сайлау учаскесінде тізім бойынша 2 253 сайлаушылар бар. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі 10 адам, дауыс беретін 3 адам және 18 жасқа толған 18 жас бар. Аталған сайлау учаскесіне алғашқы болып Самат Бесбаев есімді азамат келген. Ел өмірі үшін маңызды сайлауда белсенділік танытқан азаматқа сыйлық тарту еділді. Сайлауда жасы 18-ге толған азаматтар да келіп, алғаш рет дауыс беріп, қуанышпен қайтып жатты. Солардың бірі – Әмина Мырзағали. – Бүгінгі науқанның маңызы зор. Себебі тұрғындар еліміздің болашағы үшін жұмыс жасайтын депутаттарын сайлап жатыр. Мен өз таңдауымды жасадым. Көпшіліктің дауысымен сайланған халық қалаулылары елімізді көркейтіп, дамыту үшін күш-жігерін жұмсайды деп сенім білдіремін, – дейді Әмина. Ал ең жасы үлкен сайлаушы Ділдаш Ишанбекова апамыз 83 жаста. Сонымен қатар бүгінгі сайлауда аумақтағы көпбалалы аналар да, мүмкіндігі шектеулі адамдар да үлкен белсенділікпен дауыс беруде.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар