Жамбыл жаңалықтары
Ұлттық киіммен келген отбасы жұртшылықты тәнті етті
- author AR-AY
- 19 наурыз, 2023
- 177
Ұлттық киіммен келген отбасы жұртшылықты тәнті етті
Бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде. Тараз қаласы Төле би атындағы №8 мектеп-гимназиясында орналасқан №28 сайлау учаскесінде 2256 адам дауыс береді деп күтілуде. Таңғы 7.00-де есігін айқара ашқан сайлау учаскесінде сағат 14.00-ге дейін мыңнан аса сайлаушы дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Олардың қатарында қала тұрғыны Берік Төлеушовте бар. Ол бүгінгі маңызды шараға отбасымен ұлттық киіммен келген. - Бұл күн мен үшін, қазақ халқы үшін тарихи күн. Біз дұрыс таңдау жасау арқылы болашаққа қадам жасаймыз. Мен жолдасым Гүлзағипа Мақашева екеуміз ұлымызбен келдік. Қазақта "Текті атаның баласы елінің қамын жейді. Тексіз ұрпақ елінің байлығын, ар-ұят, намысын, нанын жейді" деген сөз бар. Сол айтпақшы, еліміз аман болсын. Елінің қамын ойлайтын лайықты азаматтар атқа қонсын! " дейді сайлаушы.
Келесі мақала