Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚАНДАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ?

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚАНДАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ?
ашық дереккөз
ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚАНДАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ?
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес шағын және орта бизнесті дамытуға баса назар аударылып, арнайы бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылуда. Жастар кәсіпкерлігін жолға қою бойынша да нәтижелі жұмыстар басталып кетті. Осы орайда биыл облысымызда кәсіп бастауға ниетті жастарды қолдау мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын білгім келеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын өңірімізде «Zhas Project» жобасы жүзеге асырылып, көптеген жас грантқа қол жеткізіп, жеке бизнесін бастады. Биыл да «Zhas Project» секілді арнайы жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар ма?

Әділет МАМЫРҰЛЫ, Тараз қаласының тұрғыны

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл жастардың кәсіпкерлік бастамасын арттыру және қолдау мақсатында шағын несиелеу (жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беру) шарттары қарастырылған. Несие сомасы – 5 жылға дейінгі мерзімге 5 миллион теңгеге дейін беріледі. Биылғы наурыз айынан бастап жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету мақсатында 347 жасқа (жұмыссыз және 3 жылға дейінгі кәсіппен айналысып жатқан жастарға) 1 миллиард 735 миллион теңге жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетін болады. Одан бөлек биыл «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 330 жасқа 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие берілді (Байзақ – 37, Жуалы – 47, Жамбыл – 60, Қордай – 13, Меркі – 26, Мойынқұм – 23, Талас – 17, Т.Рысқұлов – 38, Сарысу – 37, Шу – 32). Сондай-ақ осы жылы белсенді, шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыру, жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдау мақсатында 15 жасқа 500 мың теңгеден жалпы сомасы 7,5 миллион теңгені құрайтын «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстау жоспарлануда. «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде бірнеше бағыттар бойынша беріледі. Атап өтер болсақ: 1. «Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған (2 грант); 2. «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған (2 грант); 3. «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған (2 грант); 4. «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған (2 грант); 5. «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған (2 грант); 6. «Жастар ұйымдарын қолдау» бағыты (2 грант); 7. «Ауыл жастарының бастамаларын қолдау» бағыты (3 грант). Сондай-ақ биыл «Jas-JOBALIKE» жастар арасында кәсіпкерлік және стартап идеялар туралы ақпараттандыру жобасын іске асыру көзделуде. Жоба аясында жастарға арналған ақпараттық медиа-платформа (сайт) әзірленетін болады. Аталған медиа-платформада өңірде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы, өтетін іс-шаралардың мәліметтері, жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік қолдау тетіктері туралы ақпараттар орналастырылады.

Жомарт ЗҰЛПЫХАР, облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар