Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстандықтар мемлекеттен 10 пайыздық өтемақы ала бастады

Қазақстандықтар мемлекеттен 10 пайыздық өтемақы ала бастады
ашық дереккөз
Қазақстандықтар мемлекеттен 10 пайыздық өтемақы ала бастады
Қазақстандықтар теңгедегі депозиттері бойынша мемлекеттен 10 пайыздық өтемақы ала бастады, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Кейбір банктер хабарлама жіберіп жатыр.  />
<blockquote> "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ пен "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ ақшаларды банктерге аударған. Аударылған қаражаттардың жалпы сомасы - 306,6 миллиард теңге. Ал мемлекет тарапынан 10-пайыздық өтемақыны алатын салымшылар саны - 2 миллион 615 мың 772 адам. Қағидаларға сәйкес, екінші деңгейдегі банктер екі жұмыс күні ішінде тиесілі өтемақыға өтініш берген депозиторлардың шоттарына аударады. Еске салайық, теңгелік депозиттер бойынша 10 пайыздық сыйлықақы Қаржы министрлігі мен Қазақстанның Ұлттық банкінің қаражаттары есебінен төленеді. Банктер сыйлықақы төлеуге өтініштерді бес ай бойы – 2022 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы ақпанға дейін қабылдады. Өтініштерді қабылдау биылдың 10 ақпанында аяқталды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар