Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Асабалар арасында өткен алғашқы байқау

Асабалар арасында өткен алғашқы байқау
Ашық Дереккөз
Наурыз мерекесінің онкүндігі аясында «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының қолдауымен және «Асабалар қоғамының» ұйымдастыруымен алғаш рет асабалар арасында «Асабалар алаңы» байқауы өтті.

Сайыста облыс бойынша 7 топ бақ сынады. Әр топта 3 асаба және әнді сүйемелдеуші мен мобилографтың болуы міндеттелген. Тойдың жоғары деңгейде өтуі тек тек асабаға ғана байланысты емес. Әнді сүйемелдеуші мен мобилографтың біліктілігіне, шеберлігіне көп нәрсе байланысты.

Байқау таныстыру, ұлттық салт-дәстүрлер бойынша сұрақ-жауап кезеңі, ситуациялық тапсырмалар және сайыс соңындағы мобилограф жұмысы сынды 4 кезеңНен тұрды.

Әнуар Жұмағұлов, Беалы Сқақов, Ерболат Қуандықов, Ербол Қамбатыров сынды аға буын асабалар қазылық еткен байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды таластық «Талас тарландары» командасы еншіледі. Екінші орынға Т.Рысқұлов ауданынан келген «Мұрагер» командасы лайық деп танылды. Үшінші орын Тараз қаласының «ТТТ» командасына бұйырды. Сондай-ақ Мадияр Молдабаев «Үздік асаба», Нұрислам Сәменқұлов «Үздік музыка сүйемелдеушісі», Уәлихан Еламан «Үздік мобилограф» номинацияларымен марапатталды. Ал жуалылық «Салтанат сардарлары» «Ұлттық нақыштағы дәстүрлі команда» номинациясына ие болды.

Айта кетейік, байқаудың өтуіне Астай Райқұлов төрағалық ететін «Ауыл» партиясы облыстық филиалы, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Меруерт Лештаева, «Әулиеата Феникс» құс фабрикасы демеушілік етті.

Мұндай форматтағы байқау тек облысымызда ғана емес, сонымен қатар елімізде алғаш ұйымдастырылғанын атап өткен де жөн. Жаңадан құрылған «Асабалар қоғамының» бұл жобасы той мәдениетін қалыптастыру бағытындағы алғашқы жобаларының бірі деп білеміз.

Назым ҚОЖАМАРОВА,
Шерхан Мұртаза атындағы
руханият және тарихтану
орталығы «Дәстүр және өнер»
бөлімінің меңгерушісі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар